Целиноград ауданы селолық округі әкімінің сайлауын
2022 жылғы 25 қыркүйекке тағайындау туралы
Хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1 бабы 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 тамызда № 29 «Целиноград ауданының ауылдары мен ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысымен 2022 жылдың 25 қыркүйекке сайлау тағайындалғанын хабарлаймыз:
- Қабанбай батыр ауылдық округінің әкімі
Бұдан басқа, Целиноград ауданы ауылдық округінің әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді, ол Целиноград ауданы әкімдігінің интернет-парақшасында орналастырылды.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы