Целинорад ауданы әкімдігінің қаулысы 2020 жылғы 13 мамырдағы № А-3/130

Целинорад ауданы әкімдігінің қаулысы 2020 жылғы 13 мамырдағы № А-3/130

 

Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер

учаскесін алынуына байланысты жер

учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруын

бастау туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына сәйкес, Целиноград ауданының 2016 жылғы 14 қазандағы №60/7-6 маслихатының шешімімен бекітілген, Қосшы ауылының Бас жоспарына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қосшы ауылдық  округі,  Қосшы  ауылы, 016 есептік квраталы, 874 жер телімінде орналасқан Аглакова Роза Балташевнаның кадастрлік нөмірі 01-011-016-874 жер учаскесінің ауданы   5,0000 гектар жер учаскесін қоғамдық ғимараттарды жобалау және құрылысын жүргізу үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2.  «Целиноград ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
  • Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу құқығы туралы» Заңына сәйкес заңды түрде жер учаскесін мемлекеттік қажеттіліктер үшін алынуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескертулерге заңды талап ретінде мемлекеттік тіркеу жүргізсін;
  • осы қаулының жарияланған күнінен бастап күнтізбелік үш күн мерзім ішінде жер учаскесінің иесі немесе жер пайдаланушыларына пошта арқылы, алдым деген ескерту хабарламасымен, жер учаскесін мемлекеттік қажеттіліктер үшін қолданыстан алуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескертулерге заңды талап ретінде мемлекеттік тіркеу жүргізсін;
  • мемлекеттік қажеттіліктер үшін учаскесі алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарылуы жария тәртібі сақталсын.
  1. Меншік иесі немесе жер пайдаланушының келісім тәртібін жүзеге асыруына жолығу   орны   Ақмол   ауылы,   Наурыз   көшесі,   34   «Целиноград ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып анықталсын.
  1. Осы қаулының ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткеннен кейін мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскесінің алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылсын.
  2. Осы қаулының орындалуына бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасарының міндетін атқарушы М. Жанабергеновке жүктелсін.
  3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және қабылданған кезінен бастап үш күн мерзім ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануына жатады.

 

 

Целиноград ауданының әкімі                                                     Б. Оспанбеков   

 

Дата публикации
15 мая 2020