Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер
учаскесін алынуына байланысты
жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен
шығаруын бастау туралы
Қазақстан Республикасының жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына сәйкес, Целиноград ауданының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 468/70-6 маслихатының шешімімен бекітілген, Қараөткел ауылының Бас жоспарына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қараөткел ауылдық округі, Қараөткел ауылында орналасқан Нұрланбек Ердібектің алаңы 0,0442 гектар кадастрлық нөмірі 01-011-015-1350 жер учаскесін жолды жобалау және салу үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
2. «Целиноград ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
3. Меншік иесі немесе жер пайдаланушының келісім тәртібін жүзеге асыруына жолығу орны Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34 «Целиноград ауданының сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып анықталсын.
4. Осы қаулының ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткеннен кейін мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскесін алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары С. Б Оспановқа жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және қабылданған кезінен бастап үш күн мерзім ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануына жатады.
Целиноград ауданының әкімі Б. Оспанбеков