Хабарлама
Целиноград ауданының ауыл және ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерінің шекараларын құру, аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орны мен құрамы туралы.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 13-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына, Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 шілдедегі № 25/2 "Целиноград ауданы Қоянды ауылы әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы"қаулысына сәйкес, Қоянды ауылының шекарасында ауыл әкімдерін сайлау бойынша сайлау округінің құрылғаны туралы хабарлаймыз;
Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан орны: Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34, тел. 8-71651-30-006
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы:
Төраға-Аманжолова Жайнагуль Сергеевна; Төрағаның орынбасары- Шәмренов Айбек Қанатбекұлы; хатшы-Алексеева Тамара Николаевна; комиссия мүшелері: Айткужина Әсел Алпамысқызы, Алимбаев Қайрат Әділханұлы, Жұмабай Бахтияр, Тұрмухамбетов Жәнібек Жүрсүнұлы.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы