Целиноград аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы № 444/67-6 «Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс және қосымша енгізу туралы

Целиноград аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы № 444/67-6 «Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың  жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс және қосымша енгізу туралы

 

 

Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Целиноград аудандық мәслихатының «Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 28 қазандағы № 444/67-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28123 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс және қосымша енгізілсін:

«мүгедектерді», «мүгедек», «мүгедектеріне», «мүгедектерге», «мүгедегінің», «мүгедек- баланы»,  деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдарды», «мүгедектігі бар адам», «мүгедектігі бар адамдарды», «мүгедектігі бар адамдарға»,  «мүгедектігі бар адамдардың», «мүгедектігі бар баланы» деген сөздермен ауыстырылды;

7 тармақтың 7 тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«санаторлық-курорттық емделуге (бұдан әрі – санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек) бір рет (Қазақстан Республикасының шегінде санаторлық-курорттық емделуге шығындарды өтеу) мұқтаж азаматтардың мынадай санаттарының түрлеріне көрсетіледі:

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – жан басына шаққандағы орташа табысын есептемегенде, санаторлық-курорттық емделуге шығындарды100 %  өтеу;

мәртебесі «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 – бабында айқындалған еңбек ардагерлеріне- жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай, алатын зейнетақы мөлшерінің 25 % төлей отырып;

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар – ошарсыз кеткен) жауынгерлердің қайта тұрмысқа шықпаған жесірлеріне-жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай, алатын зейнетақы мөлшерінің 25 % төлей отырып;

қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектігі бар адамдардың жұбайына (зайыбына) немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектігі бар адамдарға  теңестірілген адам, сондай – ақ Ұлы Отан соғысына қайтыс болған қатысушының, партизанның, астыртын күрескердің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған, жалпы ауруы, еңбекте мертігуі және басқа да себептері (құқыққа қарсы себептерден басқа) салдарынан мүгедектігі болған  адамдар деп танылған, қайта некеге отырмаған азаматтың жұбайына (зайыбына) - жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, алатын зейнетақы мөлшерінің 25 % төлей отырып;

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының кәмелетке толмаған тұтқындарына – жан басына шаққандағы орташа табысын есептемегенде, алатын зейнетақы мөлшерінің 25 % төлей отырып;

қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға – жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай, алатын зейнетақы мөлшерінің 25 % төлей отырып;

басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне– жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай, алатын зейнетақы мөлшерінің 25 % төлей отырып;

мүгедектігі бар баланы санаторийлік-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдердің бірінің санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде санаторийлік-курорттық ұйымда болу құнын өтеу».

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

 

 

Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы

          

Л. Конарбаева

 

"КЕЛІСІЛДІ"

Целиноград ауданының әкімі

Б. Оспанбеков



Целиноград аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы № 444/67-6 «Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс және қосымша енгізу туралы
Дата публикации
19 июля 2022