Қаулы жобасы
Целиноград ауданы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Целиноград ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
«Целиноград ауданы Нұресіл ауылдық округі, Қабанбай батыр ауылдық округі, Қараөткел ауылдық округі, Қоянды ауылдық округі, Қосшы ауылдық округі, Жарлыкөл ауылдық округі, Тасты ауылдық округі, Арайлы ауылдық округі, Жаңаесіл ауылдық округі, Оразақ ауылдық округі, Родина ауылдық округі, Приречный ауылдық округі, Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округі, Софиевка ауылдық округі, Талапкер ауылдық округі, Шалқар ауылдық округі бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № А-3/619 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4705 болып тіркелген),
«Целиноград ауданы Нұресіл ауылдық округі, Қабанбай батыр ауылдық округі, Қараөткел ауылдық округі, Қоянды ауылдық округі, Қосшы ауылдық округі, Жарлыкөл ауылдық округі, Тасты ауылдық округі, Арайлы ауылдық округі, Жаңаесіл ауылдық округі, Оразақ ауылдық округі, Родина ауылдық округі, Приречный ауылдық округі, Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округі, Софиевка ауылдық округі, Талапкер ауылдық округі, Шалқар ауылдық округі бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемаларын бекіту туралы» Целиноград ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № А-3/619 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2021 жылғы 8 ақпандағы № А-3/34 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8357 болып тіркелген).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А.С. Жантеміровке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.