Целиноград ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы
"Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүгедектгігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың келесі тәртібі айқындалсын:
1) мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндірін алу (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедектігі бар балалар және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) ата-анасының біреуіне немесе басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;
2) шығындарды өндірін алу өтініш білдірген айдан бастап "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;
3) шығындарды өндіріп алу қаржыландырудың түсуіне байланысты өткен айға жүргізіледі және шығындарды өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (18 жасқа толуы, мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар баланың қайтыс болуы, мүгедектікті бар баланы алып тастау) тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың келесі мөлшері айқындалсын - ай сайын үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде оқу жылының ішінде.
3. "Целиноград ауданында тұратынмүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерлері туралы" Целиноград аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 қазандағы № 252/36-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4441 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 қарашада "Вести Акмола", "Ақмол ақпараты" аудандық газеттерінде жарияланған), "Целиноград аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 қазандағы № 252/36-5 "Целиноград ауданында тұратын мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерлері туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2016 жылғы 28 наурыздағы № 11/1-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5315 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 мамырда "Вести Акмола", "Ақмол ақпараты" аудандық газеттерінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.