Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер
учаскесін алынуына байланысты жер
учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруын
бастау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына сәйкес, Целиноград ауданының 2018 жылғы 13 қарашадағы № 246/36-6 маслихатының шешімімен бекітілген, Қоянды ауылының бас жоспарына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Коянды ауылында орналасқан Баймулдинова Айнагул Темиртасовнадан кадастрлік нөмірі 01-011-014-1395, ауданы 43,3419 гектар жер учаскесін елді мекендерді дамытудың және құрылыс салудың бас жоспарына немесе схемасына сәйкес жеке тұрғын үй салу үшін халықтың жер учаскелеріне деген қажеттілігін қамтамасыз ету үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
2. «Целиноград ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1) Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу құқығы туралы» Заңына сәйкес заңды түрде жер учаскесін мемлекеттік қажеттіліктер үшін алынуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескертулерге заңды талап ретінде мемлекеттік тіркеу жүргізсін;
2) осы қаулының жарияланған күнінен бастап күнтізбелік үш күн мерзім ішінде жер учаскесінің иесі немесе жер пайдаланушыларына пошта арқылы, алдым деген ескерту хабарламасымен, жер учаскесін мемлекеттік қажеттіліктер үшін қолданыстан алуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескерту алуы жөнінде міндетті ескерту жіберілсін;
3) мемлекеттік қажеттіліктер үшін учаскесінің алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарылуы жария тәртібі сақталсын.
3. Меншік иесі немесе жер пайдаланушының келісім тәртібін жүзеге асыруына жолығу орны Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34 «Целиноград ауданының сәулет және қалақұрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып анықталсын.
4. Осы қаулының ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткеннен кейін мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерінің алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылсын.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары С. Б Оспановқа жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және қабылданған кезінен бастап үш күн мерзім ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануына жатады.
Целиноград ауданының әкімі Б. Оспанбеков