Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы есебі

Целиноград ауданы әкімі аппаратына, ауыл және ауылдық округтерге Жеке және  заңды тұлғалардан  2020 жылы 5 349 өтініш келіп түсті. Оның ішінде жер бойынша 2826 өтініш, тұрғын үй сұрап 83, тұрғын үй коммуналдық сала бойынша 754, құрылыс бойынша 77, ауыл шаруашылығы бойынша 137, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету бойынша 867, білім бойынша 43 және басқалары 562. Мәселері шешілген өтініштер 3768, ал қалғандарына жазбаша түсіндірме берілді.

2020 жылы  Целиноград ауданы әкімдігінің  мемлекеттік органдарының бірінші басшыларымен  1 164  азамат қабылданды.

Аудан әкімі және оның орынбасарларымен 185 азамат қабылданды.Қабылдауда әр түрлі мәселелер көтерілді, мәселен, жер учаскесін коммерциялық мақсатта бөлуді, тұрғын үй сұрады. Қабылдау барысында аталған сұрақтар бойынша тиесілі бөлім басшыларына тапсырма берілді және ауызша түсіндірме берілді.

…

2019 жылы көлемінде  Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімінің аппаратына барлығы 1181 өтініш қабылданған, оның ішінде: 692 жеке тұлғалардан және 489 заңды тұлғалардан.

Есепті кезеңде Целиноград ауданының әкімі және Целиноград ауданы әкімінің орынбасарлары жеке қабылдауда 439 азамат қабылданды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 43% - ға жоғары.

Оның ішінде Целиноград ауданының әкімімен - 206, Целиноград ауданы әкімінің орынбасарларымен - 233.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 апреля 2020