Целиноград ауданы әкімі аппаратында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
- Азаматтарды жеке қабылдауды Целиноград ауданынің әкімі, Целиноград аудан әкімі орынбасарларының және Целиноград аудан әкімі аппаратының басшысының бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырады.
- Целиноград ауданының әкімі болмаған кезде өтініш берушілерді уәкілетті тұлға қабылдайды.
- Алдын ала жазылу өтініш берушінің өтініші бойынша немесе +7 (71651) 30-509 телефоны бойынша жүргізіледі.
- Азаматтарға күнделікті ақпарат және консультациялық көмек көрсетуді Целиноград ауданы әкімі аппаратының қабылдау бөлімі мен құжаттама бөлімінің қызметкерлері қамтамасыз етеді. Азаматтарды қабылдау заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін жауапты маманның 9.00-ден 16.00-ға дейін демалыс күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.
- Жеке тұлғаны қабылдаған кезде азамат өзінің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
- Азаматтарды жеке қабылдау өтінім берушілердің келуіне және тіркелгеніне қарай басымдық тәртібімен жүзеге асырылады.
Целиноград ауданы әкімі аппаратының азаматтарды қабылдау мекенжайы:
021800, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34 құрылыс.