2022 жылғы 27 наурыз Целиноград ауданының ауыл, ауылдық округі әкімінің бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті.
Целиноград аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Целиноград ауданының ауыл, ауылдық округі әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Р.Қошқарбаев сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 988 азамат енгізілді, оның 543-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 20, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған - 21.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Елюбаева А.М. – 10; Жахин Н.Г. – 6; Кольбаев Р.Д. – 3; Кунакова Г.А. - 483.
Р.Қошқарбаев ауылдық округінің әкімі болып Кунакова Гүлбану Алитанқызы сайланды, 1963 жылы туған, Р.Қошқарбаев ауылдық округінің әкімі, Р.Қошқарбаев ауылында тұрады, «AMANAT» партясымен ұсынған.
Тайтөбе сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 838 азамат енгізілді, оның 681-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған - 2.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Досмаганбетов П.М. – 642; Жунисов А.О. – 16; Жунусов Е.К. – 21;
Тайтөбе ауылының әкімі болып Досмағанбетов Парасат Мұсабекұлы сайланды, 1983 жылы туған, Тайтөбе ауылының әкімі, Тайтөбе ауылында тұрады, «AMANAT» партясымен ұсынған.
Целиноград аудандық сайлау комиссиясы