2022 жылғы 11 наурызда сағат 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды. Аудан бойынша барлығы 8 кандидат ұсынылды, оның ішінде 4 (50%) - саяси партия, 4 (50%)- өзін-өзі ұсыну арқылы.
Саяси партия 2 сайлау округі бойынша кандидатураны ұсынды:: «AMANAT» 2 кандидат, «Қазақстан халық партиясы» 2 кандидат.
Орташа бәсекелестік 4 адамды құрады.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін белгілеу және оларды тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде, олар 2022 жылғы 16 наурызда сағат 18.00-де аяқталады.
Кандидаттар шығып қалған және балама болмаған жағдайда (сайлау округінде екіден кем кандидат), заңнамаға сәйкес ұсыну кезеңі бес күннен аспайтын мерзімге ұзартылатын болады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-та жарияланатын болады.