Целиноград ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
орналасқан жері мен құрамы туралы
хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 17-бабының 2-тармағына, 23-бабының 5-тармағына, Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 25 ақпандағы № 6/2 «Целиноград ауданының Р.Қошқарбаева ауылдық округінің және Тайтөбе ауылының әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысына, сәйкес Целиноград ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамын хабарлаймыз.
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34, 101 бөлме, тел: 8 (71651) 30-006.
Учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: Төраға – Аманжолова Жайнагуль Сергеевна; төрағаның орынбасары – Алексеева Тамара Николаевна; хатшы – Айтқожина Әсел Алпамысқызы; комиссия мүшелері: Алимбаев Қайрат Әділханұлы, Жұмабай Бахтияр, Тұрмухамбетов Жәнібек Жүрсүнұлы.