2021 жылғы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы есеп

2021 жылы Целиноград ауданы әкімінің аппаратына, ауылдық округтер мен ауылдар әкімдеріне заңды және жеке тұлғалардан 4696 жазбаша өтініш келіп түсті, оның ішінде ең көп өтініш жер мәселелері бойынша 2985, тұрғын үй беру бойынша 76, тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша 466, құрылыс бойынша 63, ауыл шаруашылығы бойынша 139, жұмысқа орналастыру және халықты жұмыспен қамту бойынша 25 және басқалар 942. 3598 өтініш оң шешімін тапты, қалғандары бойынша жазбаша түсініктемелер берілді.

Жеке қабылдауға қатысты

2021 жылы Целиноград ауданының мемлекеттік органдарының бірінші басшыларымен 834 азамат қабылданды.

Аудан әкімі және оның орынбасарларымен 78 азамат қабылданды. Түрлі сипаттағы сұрақтар негізінен тұрғын үй-тұрмыстық, тұрғын үй коммуналдық қорынан тұрғын үй беру және коммерциялық мақсаттар үшін жер телімін бөлу бойынша көтерілді. Жеке қабылдау барысында жоғарыда аталған мәселелер бойынша ауызша түсініктемелер мен тиісті басшыларға тапсырмалар берілді.

Дата публикации
23 февраля 2022