2022 жылғы 20 ақпан Целиноград ауданының ауыл, ауылдық округі әкімінің бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті.
Целиноград аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Целиноград ауданының ауыл, ауылдық округі әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Жарлыкөл сайлау округі Жарлыкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1489 азамат енгізілді, оның 1187-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған - 21.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Сағынтаев М.С. – 1108; Сулейменов С.Б. – 34; Хусаинов Д.Г. – 24.
Жарлыкөл ауылдық округінің әкімі болып Сағынтаев Мәулет Сағынтайұлы сайланды, 1979 жылы туған, Жарлыкөл ауылдық округінің әкімі, Жарлыкөл ауылдық округінің Жалғызқұдық ауылында тұрады, «Nur Otan» партясымен ұсынған.
Целиноград аудандық сайлау комиссиясы