Целиноград ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 21 қаңтардағы
№ А-1/9 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
«Целиноград ауданының
мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1) Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі;
2) Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны.
Егер «Целиноград ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
- мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ақмола облысы және Целиноград ауданы әкімдіктерінің актілері мен тапсырмаларын іске асыруда көмек көрсету;
- мәдениет, өнер және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
- халықтың барлық жіктері үшін мәдени-бұқаралық іс-шаралардың жалпыға бірдей қол жетімділігін қамтамасыз ету және оларды мәдени өмір ортасына тарту;
- дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
- спортты дамыту бойынша перспективалық, мақсатты, ағымдағы бағдарламаларды әзірлеу;
- ауданның спорттық ұйымдарын үйлестіру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де міндеттер.
құқықтары мен міндеттері:
- мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан, басқа да ұйымдар мен азаматтардан бөлімнің функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;
- мәдениет, спорт және тілдерді дамыту мемлекеттік мекемесінде аудан әкіміне қызметті ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық, талдамалық және басқа да материалдар дайындау;
- бөлімнің қызмет саласына, тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға тапсырмалар беруге, олардың орындалуын бақылауға, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысуға;
- кітапханалардың жұмыс істеуін, мәдени-демалыс жұмыстарын қолдаудың, мемлекеттік тілді дамытудың мемлекеттік тапсырысының аудандық бағдарламаларын қаржыландыруға ;
- мәдениет, тілдерді дамыту және спорт саласында адам құқықтарын сақтау және бөлім құзыретіне кіретін басқа да мәселелерге жетекшілік ететін мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық, әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету.
- ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
- ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қаржылық есептілігін бақылау;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
1) «Целиноград ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ функциялары:
- жоғары тұрған бөлімшелермен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысты қамтамасыз ету;
- тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеуге қатысу, бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігі мен әкімінің актілерінің жобаларын дайындау және сараптамадан өткізу;
- азаматтардың ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарымен танысуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету.
- аудандық, демографиялық және басқа да ерекшеліктерді ескере отырып, мәдениет, өнер және кино саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
- мәдениет, өнер және кино мекемелерінің жұмыс істеуін, қоғамның өзекті қажеттіліктеріне және қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның әлеуметтік қорғалуын мемлекеттік қолдау;
- тарих, мәдениет және сәулет ескерткіштерін мемлекеттік қорғауды жүзеге асыру, мұражайлардың дамуына жәрдемдесу;
- ауданның көркемөнерпаздар қойылымдарын дамытуға басшылықты жүзеге асыру, шолулар, фестивальдар, конкурстар, тақырыптық фильмдер көрсетілімін ұйымдастыру;
- кадр мәселесі бойынша жұмыс жүргізу, мәдениет және спорт қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру, аттестациялау және біліктілік санаттарын белгілеу;
- ауданның кітапхана жүйесін басқару мен дамытуды жүзеге асыру, кітапты насихаттауға, кітап қорын басылымдармен және мерзімді басылымдармен толықтыруға жәрдемдесу;
- әртүрлі меншік нысанындағы мекемелер мен ұйымдардың мәдени бағдарламаларын жүзеге асыруда ынтымақтастыққа тарту;
- Целиноград ауданының әкімдігіне белгіленген тәртіппен мәдениет мекемелерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныс енгізу;
- өлкенің рухани-шығармашылық әлеуетін, ұлттық мәдениетін, тілін дамытуға, әлем және Республика туралы білімдерін таратуға жәрдемдесу;
- Целиноград ауданында тұратын халықтардың мәдениетін, дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын дамытуды қамтамасыз ету;
- мемлекеттік тілдің және басқа да тілдердің қызмет ету және қолдану аясын кеңейтуге жәрдемдесу;
- мәдениет және спорт мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыру мәселесі бойынша жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру;
- дене шынықтыру және спорт саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
- бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу кестесін ұйымдастыру, бекіту және өткізу;
- барлық деңгейдегі спорттық іс-шаралар мен жарыстарды ұйымдастыру және өткізу, жарыстарға аудандық командалардың қатысуын қамтамасыз ету;
- бөлімнің құзыретіне жататын спорттық разрядтарды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- мемлекеттік мекемеге қарасты кәсіпорындар мен мекемелерде бухгалтерлік және жедел есептің жолға қойылуын бақылауды ұйымдастыру;
- мемлекеттік мекеменің қарауындағы мемлекеттік мүлікті қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мен мекемелердің материалдарын, отын, электр энергиясын тұтыну нормаларының сақталуын қадағалау.
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
2) Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінің функциялары:
- кітапханалар желісін дамыту, олардың қорларын қалыптастыру және өңдеу, кітапхана пайдаланушыларына кітапханалық-ақпараттық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
- кітапханалар тәжірибесіне заманауи технологияларды енгізу, халықтың бос уақытын мәдени ұйымдастыру;
- кітапхана қорының және ақпараттың барлық оқырмандарға қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- оқырмандарды дүниежүзілік әдебиетпен таныстыру тәсілі ретінде кең мағынада оқумен таныстыру;
- оқырманға өз бетінше өмірлік ұстанымын дамытуға көмектесу, оқырманнының мүдделері мен қажеттіліктерін бағдарлау;
- кітапхана қорын қалыптастырудың толықтығын қамтамасыз ету, кітапхана қызметінің сапасын арттыру;
- мекеменің нормативтік құқықтық актілерінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру.
3) Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының функциялары:
- шолулар, фестивальдар, конкурстар, тақырыптық фильмдер көрсетілімдері, көркемөнерпаздар қойылымдарын өткізу және ұйымдастыру;
- ауылда халық өнері мен мәдениетті дамыту;
- халықтық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жаңғырту және насихаттау;
- мәдени іс-шараларды ұйымдастыруда ақылы қызмет көрсету, сондай-ақ үй-жайлар мен театрлық киімдерді жалға беру;
- мекеменің жарғысында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
- мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
- өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жазалар қолданады;
- өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекеменің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың құрылымын бекітеді;
- барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда мемлекеттік органның атынан өкілдік етеді;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және бұл үшін жеке жауапкершілікте болады;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Целиноград ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
«Целиноград ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.