Ақмола облысы Целиноград ауданы сайлау учаскелерінің шекаралары, учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жері мен құрамы туралы
Хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 17-бабының 2-тармағына, 23-бабының 5-тармағына, Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 21 қантардағы № 2/2 «Целиноград ауданының ауылдық округі әкімін сайлауын тағайындау туралы» қаулысына, Целиноград ауданы әкімінің шешіміне сәйкес сайлау учаскелерінің шекараларын, Целиноград ауданының учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жері мен құрамын хабарлаймыз.
№ 660 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Жалғызқұдық ауылы, Бейбітшілік көшесі, 64В, ауылдық клубтын ғимараты, тел: 8 (71651) 35-517.
Шекаралары: Жалғызқұдық ауылы.
Учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: Төрайым – Фазылова Марал Сақышқызы; төрайымның орынбасары – Жапабекова Гүлжан Әбілхамитқызы; хатшы – Айтуева Күлназия Зекенқызы; комиссия мүшелері: Карибеков Болат Ермекұлы, Смагулова Арай Сейсенбекқызы.
№ 661 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Жарлыкөл ауылы, Женіс көшесі, 26/А, «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жарлыкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» №25 коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, тел: 8 (71651) 21-275.
Шекаралары: Жарлыкөл ауылы.
Учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: Төраға – Түлеүбаева Замзагүл Қойшынқызы; төрағаның орынбасары – Әбдікаликова Әсем Жумашқызы; хатшы – Танырбергенова Рәзия Бейсенбекқызы; комиссия мүшелері: Смағулов Абзал Біргебайұлы, Рузахметова Жадра Қуанышқызы.
Целиноград ауданының әкімі
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы