Целиноград ауданының әкімдігінің қаулысы
Ақмол ауылы № А-3/393 2021 жылы 17 қараша
2022 жылға арналған Целиноград
ауданында бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін жұмыс
орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7) тармақшасына, 27 бабы 1 тармағы 2) тармақшасына, «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2022 жылға арналған Целиноград ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А. Айткужиноваға жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Оспанбеков