Целиноград ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 3 желтоқсандағы № А-3/411 қаулысы

Целиноград  ауданының әкімдігінің қаулысы

 

Ақмол ауылы                                 № А-3/411                2021 жылы 3 желтоқсан

                                                                                                             

2022 жылға арналған Целиноград ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерiнде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы

 

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9 бабының 6) тармақшасына, 27 бабы, 1 тармағының 1) тармақшасына, «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2022 жылға арналған Целиноград ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға белгіленсін:

1) елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

3)  екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде, осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылауды Целиноград ауданының әкімінің орынбасары А. К. Айткужиноваға жүктелсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 


Целиноград ауданының әкімі                                                         Б. Оспанбеков

 

2022 жылға арналған Целиноград ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерiнде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы
Дата публикации
06 декабря 2021