Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер
учаскесінің бөлігінің алынуына байланысты
жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруын
бастау туралы
Қазақстан Республикасының жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына сәйкес, Целиноград ауданының 2018 жылғы 13 қарашадағы №246/36-6 маслихатының шешімімен бекітілген, Талапкер ауылының Бас жоспарына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талапкер ауылдық округі, Талапкер ауылында орналасқан «Талапкер ЖТ» ЖШС, кадастрлік нөмірі 01-011-014-166 жер учаскесінің ауданы 6,0000 гектар жер учаскесін зиратқа қызмет көрсету үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
2. «Целиноград ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
3. Меншік иесі немесе жер пайдаланушының келісім тәртібін жүзеге асыруына жолығу орны Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34 «Целиноград ауданының сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып анықталсын.
4. Осы қаулының ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткеннен кейін мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскесінің бөлігінің алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Қ. Ағзамұлына жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және қабылданған кезінен бастап үш күн мерзім ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануына жатады.
Целиноград ауданының әкімі Б. Оспанбеков

