Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскесінің бөлігінің алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруын бастау туралы

Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер

учаскесінің бөлігінің алынуына байланысты

жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруын

бастау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымындағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына сәйкес, Целиноград ауданының 2018 жылғы 13 қарашадағы №246/36-6 маслихатының шешімімен бекітілген, Тасты ауылының Бас жоспарына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Талапкер ауылдық округі, Талапкер ауылында орналасқан «Талапкер ЖТ» ЖШС, кадастрлік нөмірі 01-011-014-166 жер учаскесінің ауданы 1,6000 гектар жер учаскесін  спорттық-сауықтыру және мәдени нысанын жобалау және салу үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.

2. «Целиноград ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

  • Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу құқығы туралы» Заңына сәйкес заңды түрде жер учаскесінің бөлігінің мемлекеттік қажеттіліктер үшін алынуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескертулерге заңды талап ретінде мемлекеттік тіркеу жүргізсін;
  • осы қаулының жарияланған күнінен бастап күнтізбелік үш күн мерзім ішінде жер учаскесінің иесі немесе жер пайдаланушысына пошта арқылы  алдым деген міндетті түрде ескерту хабарламасымен, жер учаскесінің бөлігінің мемлекеттік қажеттіліктер үшін қолданыстан алуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескерту жіберілсін;
  • мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскесінің бөлігінің алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарылуы жария тәртібі сақталсын.

3. Меншік иесі немесе жер пайдаланушының келісім тәртібін жүзеге асыруына   жолығу   орны   Ақмол   ауылы,   Наурыз   көшесі,  34   «Целиноград ауданының сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып анықталсын.

4. Осы қаулының ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткеннен кейін мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскесінің бөлігінің алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Қ. Ағзамұлына жүктелсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және қабылданған кезінен бастап үш күн мерзім ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануына жатады.

 

 

Целиноград ауданының әкімі                                                     Б. Оспанбеков

 

 

 

Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскесінің бөлігінің алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруын бастау туралы
Дата публикации
18 августа 2021