

Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер
учаскесінің бөлігінің алынуына байланысты
жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруын
бастау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымындағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына сәйкес, Целиноград ауданының 2020 жылғы 23 шілдедегі №199/29-4, маслихатының шешімімен бекітілген, Аққайын ауылының Бас жоспарына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызыл суат ауылдық округі, Аққайын ауылында орналасқан Байбек Алтынай Күнғалиқызының, кадастрлік нөмірі 01-011-045-177, ауданы 3,0916 гектар болатын, жер учаскесінің бөлігін жеке тұрғын үй құрылысына, жолды жобалау және оның құрылысын жүргізу үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруы басталсын.
2. «Целиноград ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
3. Меншік иесі немесе жер пайдаланушының келісім тәртібін жүзеге асыруына жолығу орны Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34 «Целиноград ауданының сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып анықталсын.
4. Осы қаулының ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткеннен кейін мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскесінің бөлігінің алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Қ. Ағзамұлына жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және қабылданған кезінен бастап үш күн мерзім ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануына жатады.
Целиноград ауданының әкімі Б. Оспанбеков