Ақмола облысы Целиноград аудандық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Целиноград ауданының ауылдық округтері
әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабы 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес Целиноград аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Целиноград ауданында 2021 жылдың 26 қыркүйегіне сайлау тағайындалсын:
- Талапкер ауылдық округінің әкімін;
- Қараөткел ауылдық округінің әкімін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2021 жылдың 26 қыркүйегіне белгіленген Целиноград ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар кестесі бекітілсін.
3. Осы қаулы Целиноград аудандық сайлау комиссиясының ресми сайтында және аудандық «Есіл-Нұра» - «Вестник Акмола» газеттерінде жариялансын.
Целиноград аудандық
сайлау комиссиясының төрағасы Р. Түлкібаев
Целиноград аудандық
сайлау комиссиясының хатшысы Т. Төлеубаев
Ақмол ауылы
2021 жыл 27 тамыз
№ 16/91