Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Целиноград ауданының ауылдық округтерінің
әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21- бабының 4- тармағына, 22-бабына сәйкес Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Целиноград ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау үшін сайлау округтері құрылсын:
1) Талапкер ауылдық округінің әкімін – Талапкер ауылдық округінің шекарасындағы Талапкер сайлау округі;
2) Қараөткел ауылдық округінің әкімін - Қараөткел ауылдық округінің шекарасындағы Қараөткел сайлау округі.
2. Сайлау округтерінің шекараларын көрсете отырып, тізімі мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері Целиноград аудандық сайлау комиссиясының ресми сайтында және аудандық «Есіл-Нұра» - «Вестник Акмола» газеттерінде жариялансын.
Целиноград аудандық
сайлау комиссиясының төрағасы Р. Түлкібаев
Целиноград аудандық
сайлау комиссиясының хатшысы Т. Төлеубаев
Ақмол ауылы,
2021 жыл 27 тамыз
№ 15/89