Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер
учаскелерінің алынуына байланысты жер
учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруын
бастау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымындағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына сәйкес, Целиноград ауданының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №469/70-6 маслихатының шешімімен бекітілген, Қосшы ауылының бас жоспарына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосшы ауылдық округі, Қосшы ауылында орналасқан Муздубаев Адиль Муратовичтың кадастрлік нөмірі 01-011-016-9730 жер учаскесінің ауданы 1,1462 гектар, 01-011-016-9637 жер учаскесінің ауданы 1,0576 гектар, 01-011-016-9683 жер учаскесінің ауданы 0,9639 гектар, 01-011-016-9594 жер учаскесінің ауданы 1,1586 гектар жер учаскелерін жолды жобалау және құрылысын жүргізу үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
2. «Целиноград ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
3. Меншік иесі немесе жер пайдаланушының келісім тәртібін жүзеге асыруына жолығу орны Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34 «Целиноград ауданының сәулет және қалақұрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып анықталсын.
4. Осы қаулының ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткеннен кейін мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерінің алынуына байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылсын.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Қ. Ағзамұлына жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және қабылданған кезінен бастап үш күн мерзім ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануына жатады.
Целиноград ауданының әкімі Б. Оспанбеков

