2021 жылғы 30 маусымдаңы № А-3/215 Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысы
Целиноград ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 09 қазандағы № А-3/489
қаулысының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына сәйкес Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Целиноград ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 09 қазандағы № А-3/489 «Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімінің алынуына байланысты жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығаруын бастау туралы» қаулысының күші жойылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Қ. Ағзамұлына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Б. Оспанбеков