Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп, үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары белгіленсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар берілсін.
3. «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесу үшін кандидаттарға үй-жайлар беру туралы» Целиноград ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № А-3/153 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7882 болып тіркелген, 2020 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімі аппаратының басшысы С. Б. Оспановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Б. Оспанбеков
«КЕЛІСІЛДІ»
Целиноград аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясы