ЖОБА
Целиноград ауданы бойынша
сайлау учаскелерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 23-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, Целиноград ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Целиноград ауданы бойынша сайлау учаскелері құрылсын.
2. Целиноград ауданы әкімінің «Целиноград ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» 2020 жылғы 11 маусымдағы № 3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7892 болып тіркелген, 2020 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімі аппаратының басшысы С.Б. Оспановқа жүктелсін.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград ауданының әкімі Б. Оспанбеков
«КЕЛІСІЛДІ»
Целиноград аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясы