2021 жылғы 14 сәуірдегі № А-3/121 Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысы Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскесінің бөлігінің алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруын бастау туралы

2021 жылғы 14 сәуірдегі №  А-3/121    Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысы

 

 

Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер

учаскесінің бөлігінің алынуына байланысты жер

учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруын

бастау туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік  басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымындағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына сәйкес, Целиноград ауданының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №469/70-6 маслихатының шешімімен бекітілген, Қосшы ауылының бас жоспарына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қосшы ауылдық округі, Қосшы ауылында орналасқан  Сураганова Дана Канатовнаның кадастрлік нөмірі 01-011-016-2565 жер учаскесінің ауданы 0,3589 гектар жер учаскесінің бөлігінің  жолды жобалау және құрылысын жүргізу үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. «Целиноград ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
  • Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу құқығы туралы» Заңына сәйкес заңды түрде жер учаскесін мемлекеттік қажеттіліктер үшін алынуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескертулерге заңды талап ретінде мемлекеттік тіркеу жүргізсін;
  • осы қаулының жарияланған күнінен бастап күнтізбелік үш күн мерзім ішінде жер учаскесінің иесі немесе жер пайдаланушыларына пошта арқылы, алдым деген ескерту хабарламасымен, жер учаскесін мемлекеттік қажеттіліктер үшін қолданыстан алуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескерту алуы жөнінде міндетті ескерту жіберілсін;
  • мемлекеттік қажеттіліктер үшін учаскесі алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарылуы жария тәртібі сақталсын.
  1. Меншік иесі немесе жер пайдаланушының келісім тәртібін жүзеге асыруына жолығу орны Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34 «Целиноград ауданының сәулет және қалақұрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып анықталсын.
  1. Осы қаулының ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткеннен кейін мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскесінің алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылсын.
  2. Осы қаулының орындалуына бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Қ. Ағзамұлына жүктелсін.
  3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және қабылданған кезінен бастап үш күн мерзім ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануына жатады.
2021 жылғы 14 сәуірдегі № А-3/121 Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысы
Дата публикации
14 апреля 2021