Целиноград ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Целиноград ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Целиноград ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.
3. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес Целиноград ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.
4. «Целиноград ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 463/69-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8249 болып тіркелген, 2020 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
Целиноград аудандық мәслихатының Б. Ибраев
Хатшы
КЕЛІСІЛДІ
Целиноград ауданының әкімі
|
|
Целиноград аудандық мәслихатының шешіміне 1 қосымша
|
Целиноград ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Целиноград ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
|
|
Целиноград аудандық мәслихатының шешіміне 2 қосымша
|
Целиноград ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
2.Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
1) «Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан алаң, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 12, шекті толу нормасы 200 адам;
2) Аудандық стадионға қарсы орналасқан алаң, Ақмол ауылы, 2- шағын ауданы, жер телімі 1187, шекті толу нормасы 90 адам;
3) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, «Қақ айырылған жұлдыз» стелласынан «АЛЖИР» мұражай – мемориалдық кешеніне дейін, шекті толу нормасы 50 адам;
4) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің» Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесіне қарама-қарсы орналасқан алаң, Арайлы ауылы, Бірлік көшесі, шекті толу нормасы 70 адам;
5) Бейбіт жиналыстар өткізуге арналған жүру бағыты: Арайлы ауылы, Бірлік көшесі, Екатеринбург – Нұр-Сұлтан тасжолынан соңғы аялдамаға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;
6) «Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан Жалғызқұдық ауылының Мәдениет үйі, Жалғызқұдық ауылы, Бейбітшілік көшесі 64 В, шекті толу нормасы 70 адам;
7) Бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру бағыты: Жалғызқұдық ауылы, Бейбітшілік көшесі, «Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимаратынан Жалғызқұдық ауылының мәдениет үйіне дейін «Салтанат» дүкеніне дейін, шекті толу нормасы 50 адам;
8) «Целиноград ауданы Жаңаесіл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында орналасқан алаң, Жаңаесіл ауылы, Достық көшесі, 5, шекті толу нормасы 30 адам;
9) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жаңаесіл ауылы, Жайық көшесі, №32 орта мектептен «Целиноград ауданы Жаңаесіл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратына дейін, шекті толу нормасы 30 адам;
10) «Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан алаң, Қабанбай батыр ауылы, Бірлік көшесі, 1 А, шекті толу нормасы 100 адам;
11) Бейбіт жиналыстар өткізуге арналған жүру бағыты: Қабанбай батыр ауылы, Бірлік көшесі, Орталық аллеядан «Белгісіз солдат» ескерткішіне дейін, шекті толу нормасы 50 адам;
12) Жеке меншік объект ғимаратының жанында орналасқан алаң, Қараөткел ауылы, М. Мақатаев көшесі, 24, шекті толу нормасы 100 адам;
13) «Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында орналасқан алаң, Қосшы ауылы, Племстанция көшесі, 28, шекті толу нормасы 100 адам;
14) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Қосшы ауылы, Республика көшесі, «Кенмарт» дүкенінен «Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратына дейін Қосшы ауылы, шекті толу нормасы 70 адам;
15) «Аяулым» сауда орталығына қарама-қарсы орналасқан алаң, Қоянды ауылы, М. Жүнісов көшесі, 44/1, шекті толу нормасы 100 адам;
16) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Қоянды ауылы, М.Жүнісов көшесі, Бірінші бағдаршамнан «Аяулым» сауда орталығына дейін, шекті толу нормасы 70 адам;
17) «Қызылсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында орналасқан алаң, Қызылсуат ауылы, Мир көшесі, 20, шекті толу нормасы 80 адам;
18) Бейбіт жиналыстар өткізуге арналған жүру бағыты: Қызылсуат ауылы, Мир көшесі, «Халық маркет» дүкенінен бастап түпкілікті аялдамаға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;
19) «Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан алаң, Мәншүк ауылының ауылдық клубы, Мәншүк ауылы, Атамекен көшесі, 9 а, шекті толу нормасы 70 адам;
20) Бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру бағыты: Мәншүк ауылы, Атамекен көшесі, Тәуелсіздік көшесінен «Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимаратына дейін Мәншүк ауылының ауылдық клубы, шекті толу нормасы 40 адам;
21) «Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан алаң, Нұресіл ауылының ауылдық клубы, Нұресіл ауылы, Қажымұқан Мұңайтпасов көшесі, 2 А үй, шекті толу нормасы 80 адам;
22) Бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру бағыты: Нұресіл ауылы, Қажымұқан Мұңайтпасов көшесі. Қажымұқан Мұңайтпасов көшесінің басынан «Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына дейін Нұресіл ауылының ауылдық клубы, шекті толу нормасы 60 адам;
23) Сауда үйіне қарама-қарсы орналасқан алаң Оразақ ауылы, Т.Әубәкіров көшесі, 7, шекті толу нормасы 30 адам;
24) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Оразақ ауылы, Т.Әубәкіров көшесі, А. Құнанбаев көшесінің аялдамасынан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы ескерткішіне дейін, шекті толу нормасы 30 адам;
25) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы ескерткішіне қарама-қарсы орналасқан алаң, Приречный ауылы, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесі, шекті толу нормасы 30 адам;
26) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Приречный ауылы, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесі, бас аялдамадан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы ескерткішіне дейін, шекті толу нормасы 30 адам;
27) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы ескерткішіне қарама-қарсы орналасқан алаң, Рахымжан Қошқарбаев ауылы, Ә. Бөкейхан көшесі, шекті толу нормасы 20 адам;
28) Бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру бағыты: Рахымжан Қошқарбаев ауылы, Ә. Бөкейхан көшесі, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесінен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы ескерткішіне дейін, шекті толу нормасы 25 адам;
29) «Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан алаң, Родина ауылы, Школьная көшесі, 1, шекті толу нормасы 100 адам;
30) Бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру бағыты: Родина ауылы, Мир көшесі, 16, «Наша Родина» супермаркетінен «Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы»Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимаратына дейін Школьная көшесі, 1. шекті толу нормасы 50 адам;
31) Софиевка ауылы, Абиров көшесі, «Гүлжан» дүкеніне қарама-қарсы орналасқан алаң, шекті толу нормасы 80 адам;
32) Бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру бағыты: Софиевка ауылы, Орталық көшесі, Бөгенбай көшесінен намазханаға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;
33) Саябақта орналасқан алаң, Талапкер ауылы, Талапкер көшесі, жер телімі 2/1, шекті толу нормасы 100 адам;
34) Бейбіт жиналыстар өткізуге арналған жүру бағыты: Талапкер ауылы, Талапкер көшесі, Сарарка көшесінің бұрылысынан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы ескерткішіне дейін, шекті толу нормасы 70 адам;
35) «Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім беру бөлімінің Тасты ауылы Жалпы білім беретін мектеп» ғимаратының артқы жағында, солтүстігінде орналасқан алаң, Тасты ауылы, М. Әуезов көшесі, 18/1, шекті толу нормасы 80 адам;
36) Бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру бағыты: Тасты ауылы, М. Әуезов көшесі, Алматы-Екатеринбург тас жолы «Тасты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратына дейін, шекті толу нормасы 50 адам;
37) «Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан алаң, Шалқар ауылы, Жеңіс көшесі, 15, шекті толу нормасы 30 адам;
38) Бейбіт жиналыстар өткізуге арналған жүру бағыты: Шалқар ауылы, Жеңіс көшесі, «Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимаратынан Шалқар ауылының ауылдық клубына дейін 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ескерткішіне дейін, шекті толу нормасы 30 адам.
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 9-бабының 5-тармағында көрсетілген объектілердің іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан 400 метр қашықтықта Целиноград ауданының ауылдық округтерінде пикеттеуді өткізуге жол берілмейді.
|
|
Целиноград аудандық мәслихатының шешіміне 3 қосымша
|
Целиноград ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған
іргелес аумақтардың шекаралары
Целиноград ауданында «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 9-бабының 5-тармағында көрсетілген объектілерге іргелес жатқан аумақтардың шекараларынан 400 метр қашықтықта пикеттеуді өткізуге жол берілмейді.