|
2021 жылғы 10 наурыздаңы № А-3/81 Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысы |
|
|
Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскесін алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруын бастау туралы |
|
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымындағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына сәйкес, Целиноград ауданының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №469/70-6 маслихатының шешімімен бекітілген, Қосшы ауылының бас жоспарына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосшы ауылдық округі, Қосшы ауылында орналасқан «Арғымақ» ЖШС Крестьянское хозяйство кадастрлік нөмірі 01-011-016-4968 жер учаскесінің ауданы 0,74 гектар жер учаскесін жолды жобалау және құрылысын жүргізу үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
2. «Целиноград ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
3. Меншік иесі немесе жер пайдаланушының келісім тәртібін жүзеге асыруына жолығу орны Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34 «Целиноград ауданының сәулет және қалақұрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып анықталсын.
4. Осы қаулының ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткеннен кейін мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскесінің алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылсын.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Қ. Ағзамұлына жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және қабылданған кезінен бастап үш күн мерзім ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануына жатады.