|
2021 жылғы 10 наурыздаңы № А-3/80 Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысы |
Жер учаскелерін мемлекет
мұқтажы үшін алып қоюына
байланысты жер учаскелерін
мәжбүрлеп иеліктен шығару
рәсімін тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымындағы Жер кодексіне, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы"Целиноград ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №А-3/397 қаулысымен басталған Мемлекеттік мұқтаждардың жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі тоқтатылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары К.Ағзамұлына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.