Жоба
Целиноград ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңның 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Целиноград ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысының Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А.С. Жантеміровқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Целиноград ауданының әкімі Б. Оспанбеков