2021 жылғы 3 наурыздағы № А-3/69 Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысы 2021 жылғы 20 қаңтардағы № А-3/9 «Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскесінің бөлігінің алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруын бастау туралы» Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы

2021 жылғы 3 наурыздағы № А-3/69 Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысы

 

2021 жылғы 20 қаңтардағы № А-3/9

«Мемлекеттік қажеттіліктер үшін

жер учаскесінің бөлігінің алынуына

байланысты жер учаскесін

мәжбүрлеп иеліктен

шығаруын бастау туралы»

Целиноград ауданы әкімдігінің

қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымындағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына сәйкес, Целиноград ауданының 2018 жылғы 13 қаңтардағы №246/36-6 маслихатының шешімімен бекітілген, Талапкер ауылының Бас жоспарына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2021 жылғы 20 қаңтардағы № А-3/9 «Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскесінің бөлігінің алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруын бастау туралы» Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысына өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1 тармағындағы «Мұхаметжанов» ШҚ сөздерін «Мұхаметжанова Асима Жаксылыковнаның» сөздеріне өзгертілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А. С. Жантеміровке жүктелсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                               Б. Оспанбеков

2021 жылғы 3 наурыздағы № А-3/69 Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысы
Дата публикации
03 марта 2021