2021 жылғы 17 ақпандағы № А-3/51 Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысы Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскесінің алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімін тоқтату туралы

2021 жылғы 17 ақпандағы № А-3/51 Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысы

Мемлекеттік қажеттіліктер үшін

жер учаскесінің алынуына байланысты

жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен

шығару рәсімін тоқтату туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымындағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ақмол ауылдық округі, Ақмол ауылында орналасқан Лукьянова Юлия Александровнаның жалпы ауданы – 1,0155 гектар, кадастрлік нөмірі 01-011-019-1377 жер учаскесін мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскесінің алынуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі тоқтатылсын.

2. «Целиноград ауданының сәулет және қалақұрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:

1) Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу құқығы туралы» Заңына сәйкес, заңды түрде жер учаскесін мемлекеттік қажеттіліктер үшін алынуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімін тоқтату туралы ескертуге мемлекеттік тіркеу жүргізсін;

2) осы қаулының жарияланған күнінен бастап күнтізбелік үш күн мерзім ішінде жер учаскесінің иесі немесе жер пайдаланушысына, пошта арқылы, алдым деген ескерту алынуымен, жер учаскесін мемлекеттік қажеттіліктер үшін алуына байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі тоқтатылғаны туралы ескерту жіберілсін;

 

3. Осы қаулының орындалуына бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары К. Ағзамұлына жүктелсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                               Б. Оспанбеков

 

2021 жылғы 17 ақпандағы № А-3/51 Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысы
Дата публикации
17 февраля 2021