«Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме туралы ЕРЕЖЕСІ

«Целиноград ауданы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекеме туралы

ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де Целиноград ауданы әкімінің және әкімдігінің қызметін қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошта индексі 021800, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, 34 құрылыс.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
  10. Осы Ереже «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  құрылтай құжаты болып табылады.
  11. «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
  12. «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Целиноград ауданы тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға қолайлы жағдайлар туғызу үшін мемлекеттік саясатты жүргізу, Целиноград ауданы әкімінің және әкімдігінің ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан жұмысын жасау және қызметін атқару.
  2. Міндеттері: Целиноград ауданы әкімі және әкімдігінің, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық және өзге де қызметін қамтамасыз ету.
  3. Функциялары:
  1. Целиноград ауданы әкімі және әкімдігінің, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қызметін қамтамасыз ету.
  2. «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, Целиноград ауданы әкімінің, әкімдігінің іс қағаздарын жүргізу, Целиноград ауданы әкімдігіне түсетін хат-хабарларды өңдеу;
  3. Целиноград ауданы әкімінің және Целиноград ауданы әкімдігінің қызметкерлерінің кіріс құжаттарын уақытылы қарау, оларды бастапқы өңдеуді, алдын ала қарауды, тіркеуді, есепке алуды, сақтауды, жеткізуді және таратуды жүзеге асыру;
  4.  «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, Целиноград ауданы әкімнің және әкімдігінің құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, оның ішінде құпиялылық режимді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, құпия іс жүргізу қызметін қамтамасыз ету;
  5. жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу және қарау өткізуді ұйымдастыру, Целиноград ауданының әкімімен, аудан әкімінің орынбасарларымен, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысымен азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асыруын қамтамасыз ету;
  6. жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарымен көрсететін мемлекеттік қызметтеріне мониторингті жүзеге асыру;
  7. жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарымен көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасын бақылауды жүзеге асыру;
  8. ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін автоматтандыру процесін қамтамасыз ету;
  9. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ұсынылатын электрондық қызметтерді дамыту үшін жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарына көмек көрсету;
  10. Целиноград ауданында ақпараттандыру және ақпараттық жүйелерді дамыту деңгейін арттыру бойынша жұмысты жүргізу;
  11. «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметкерлеріне мониторинг жүргізу;
  12. «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерін және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды тағылымдамадан өткізу, тәлімгерлік, бағалау қызметін ұйымдастыру, біліктілігін арттыру және қайта даярлау;
  13.  «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін аттестациялауды, конкурстық іріктеуді, көтермелеуді, тәртіптік жазалауды, жұмыстан шығаруды ұйымдастыру және жүргізу;
  14. «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінде, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың жұмыс тәртібін талдау және осы мәселе бойынша Целиноград ауданының әкіміне хабарлау;
  15. мемлекеттік наградалар беру үшін құжаттарды дайындауды ұйымдастыру;
  16. «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Целиноград ауданы әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің және Целиноград ауданы әкімдігінің жобасын, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарының жобасын әзірлеу;
  17. Целиноград ауданы әкімдігінің басқа құрылымдық бөлімшелері әзірлеген, нормативтік құқықтық актілерді, келісімшарттарды, процедуралық құжаттарды, сондай-ақ әзірленетін басқа да құжаттарды, оның ішінде Целиноград ауданы әкімдігінің басқа құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу арқылы жобаларды дамытуға қатысу;
  18. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің әділет органдарында мониторинг пен тіркеуді үйлестіруді қамтамасыз ету;
  19. нормативтік-құқықтық актілердің тұрақты негізде талдау жүргізу;
  20. Целиноград ауданы әкімімен және әкімдікпен қабылдаған актілерді есепке алу, жүйелеу және басқару актілерін жүргізу, оларға барлық өзгерістер мен толықтыруларды енгізу;
  21. сараптама жүргізу және акт жобасына қорытынды дайындау;
  22. актілерді жариялауға жіберу;
  23. «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне ұсынылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарын жүйелі есепке алуды және сақтауды ұйымдастыру;
  24. Целиноград ауданының әкiмін Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметтiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң, облыс әкімдердің және әкімдігінің, аудан әкiмдерiнiң актiлерi мен өкiмдерiн орындалыуы туралы ақпараттандыру, Целиноград ауданы әкімінің әрекетін жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың оларды орындауына бақылау жасауды қамтамасыз ету;
  25. Қазақстан Республикасының заңнамасын, жалпыға ортақ әмбебап білім беруді жылжыту бойынша жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
  26. келісімшарттардың заң талаптарына сәйкес сақталуын қамтамасыз ету, келісімшарттар бойынша міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамаған жағдайда экономикалық шаралар қолдану;
  27. «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүддесін, Целиноград ауданы әкімінің, аудан әкімдігінің мүдделерін белгіленген тәртіппен сотқа, сондай-ақ басқа ұйымдарда тиiстi түрде ұсыну;
  28. сот ісін жүргізу мәртебесін талдау, Целиноград ауданы әкімдігімен, әкімімен және «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің қатысуымен негізгі себептер мен жағдайларды анықтау үшін сот талқылауына қатысты даулар бойынша талдау жүргізу және тиісті сот талқылауы мен оларды алып тастау және кінәлі лауазымды адамдарды сотқа тарту туралы ұсыныс жасау;
  29. «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, Целиноград ауданының әкімі мен әкімдігінің пайдасына емес сот актілеріне шағымдану жөнінде шаралар қабылдау, барлық сот сатыларында, сондай-ақ заңнамада белгiленген тәртiппен прокуратура органдарына заңда көзделген негiздер болған жағдайда, наразылықтарды қадағалау тәртiбiмен қарау туралы өтiнiшпен жүгiну;
  30. орындалатын сот актілерін орындау бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз ету;
  31. заңмен белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн жүзеге асыру;
  32. жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың жұмысын талдау, Целиноград ауданының әкімі мен әкімдігіне, және жоғары тұрған органдарға сұраған мәселелер бойынша ақпарат беру;
  33. Целиноград ауданының әкімі мен әкімдігінің «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бұқаралық ақпарат құралдарында қызметті қамтуды қамтамасыз ету;
  34. Целиноград ауданының әкімі мен әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету;
  35. Целиноград ауданы әкімдігінің мүшелерімен және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларының ұсынысы бойынша Целиноград ауданы әкімдігінің мәжілістерінде қарау үшін сұрақтарды дайындау;
  36. Целиноград ауданы әкімдігі мәжілісінің күн тәртібін әзірлеу;
  37. Целиноград ауданының әкімдігіне және әкіміне жолданған акт жобаларының өту тәртібін Целиноград ауданы әкімдігінің регламентімен, «Целиноград ауданы аппараты» мемлекеттік мекемесімен белгіленген жұмыс регламентін сақтауды қамтамасыз ету;
  38. ҚР заңнамасымен, Целиноград ауданы әкімдігімен, «Целиноград ауданы әкім Аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламентімен қарастырылған функцияларды жүзеге асыру;
  39. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
  1. Құқықтары мен міндеттері:
  1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан,  ұйымдардан құжаттар мен мәліметтер сұратуға және алуға;
  2. Целиноград ауданы әкімдігі мен әкімінің. «Целиноград ауданы әкімі Аппаратының» нормативтік-құқықтық актілері мен құжаттар жобасын, сонымен қатар, ҚР заңнамасын насихаттау іс-шараларына аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметкерлерін жұмысқа тарту;
  3. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
  4. Целиноград ауданы әкімдігінің, активтерінің отырыстарына, ауданның  мемлекеттік органдары өткізетін іс-шараларға, жұмыс тобына, комиссияларға қатысу;
  5. Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

 

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Целиноград ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
  1. Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда «Целиноград ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесін ұсынады;
  2. «Целиноград ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мақсаттарды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
  3. Өз құзыреті шегінде «Целиноград ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
  4. Целиноград ауданының ауылдық округтері әкімдерінің жұмысын үйлестіреді;
  5. Целиноград ауданы әкімі мен орынбасарларының қызметін қамтамасыз етеді, ұйымдастырады;
  6. «Целиноград ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің штаттық кестесі мен бөлімшелері бойынша ұсыныс әзірлейді. «Целиноград ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің және құрылымдық бөлімшелерінің ережесін дайындайды;
  7. «Целиноград ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің тәртіптік және конкурстық комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
  8. Қызметтік тәртіпті сақтауға бақылау жасайды;
  9. «Целиноград ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің

қызметкерлеріне үстемақы беру, еңбек қызметі үшін көтермелеу, біліктілігін арттыру және дайындау, материальдық көмек, ісссапарға жіберу мәселелерін шешеді;

  1. «Целиноград ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі жөнінде шаралар қабылдайды;
  2. Өз құзыреті шегінде ҚР заңнамасында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жүзеге асуын қамтамасыз етеді;
  3. Ауданның жергілікті атқарушы және өкілдік органдардың қабылдаған шешімдерінің орындалуын қадағалайды;
  4. «Целиноград ауданы әкімі аппаратының» қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар шығарып, нұсқаулықтар береді;
  5. Өз құзыреті шегінде қызметтік құжатқа қол қояды;
  6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына бақылау жасайды;
  7. Өз құзыреті шегінде «Целиноград ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ақшалай қаражатын жүргізеді, қаржылық құжаттарға қол қояды;
  8. Целиноград ауданы әкімінің қатысуымен хаттамалық-ұйымдастыру іс-шараларының жұмысын үйлестіреді;
  9. «Целиноград ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің құпиялық режимін анықтау және қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастырады.
  10. Қазақстан Республикасының заңнамасының,  Президентінің, Үкіметінің актілері мен тапсырмаларының орындалуына, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларының, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына тексеруді және бақылауды ұйымдастырады.
  11. Целиноград ауданы әкімінің ауылдық округтермен, жергілікті атқарушы органдармен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді;
  12. Мемлекеттік марапатқа ұсыну, кадрлық саясатты қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді.
  13. «Целиноград ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қаржылық-шаруашылық қызметі мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселесіне жетекшілік етеді;
  14. Мемлекеттік қызмет заңнамасының орындалуын бақылайды;
  15. Қазақстан Республикасының заңнамасымен және өзге де нормативтік құқықтық заңдарымен белгіленген қызметті жүзеге асырады.

«Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. Целиноград ауданы әкімінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

«Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме туралы ереже
Дата публикации
25 октября 2019