Ақмола облысы Целиноград ауданының округтік сайлау комиссияларының шекаралары, сондай-ақ аумақтық және округтік сайлау комиссияларының құрамы мен орналасқан жерлері туралы
хабарлама
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы № 1521 «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/98 «Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» және № 60/99 «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгілік күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулыларына, сондай-ақ Целиноград аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 83/89 «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Целиноград аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Ақмола облысы Целиноград ауданының аумақтық және округтік сайлау комиссияларының құрамы мен орналасқан жерлері, сондай-ақ сайлау округтерінің шекаралары туралы хабарлаймыз.
Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, 019 есептік орам, 1177-құрылыс, тел. 8(71651) 3-00-06
Аумақтық сайлау комиссиясының құрамы: Комиссия төрайымы - Айтқожина Әсел Алпамысқызы; төрайымның орынбасары - Аманжолова Жайнагүл Сергеевна; хатшы - Ракымбек Аятолла Жұмақанұлы; комиссия мүшелері: Алимбаев Қайрат Әділханұлы, Толкынбек Диана Нұрланқызы, Жұмабай Гүлжан Айтмағамбетқызы, Шарипов Нариман Ғалымұлы.
Целиноград аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиялары
№1 Округ
Орналасқан жері: Ақмол ауылы, Бақыт шағын ауданы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені ғимараты.
Шекаралары: Ақмол ауылы – № 639, № 797 және № 800 учаскелік сайлау комиссиялары, Өтеміс ауылы – № 641 учаскелік сайлау комиссиясы.
Округтік сайлау комиссиясының құрамы: Комиссия төрайымы – Әбдибекова Зухра Назарқызы; төрайымның орынбасары – Карбаева Айнур Серикбаевна; хатшысы – Ерсаинова Самал Құрманайқызы; комиссия мүшелері: Казизова Нұрай Нұрланқызы; Каппасова Рауза Агатаевна.
№2 Округ
Орналасқан жері: Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 12, аудандық мәдениет үйінің ғимараты.
Шекаралары: Ақмол ауылы – № 640 учаскелік сайлау комиссиясы, Жаңажол ауылы – № 652 учаскелік сайлау комиссиясы.
Округтік сайлау комиссиясының құрамы: Комиссия төрайымы – Қалиева Алина Талгатқызы; төрайымның орынбасары – Кайдаров Дархан Садықұлы;
хатшысы – Кусаинова Эльмира Турсунқызы; комиссия мүшелері: Ашубасар Ерлан Карбайұлы; Қонысбай Гульбарам Ерланқызы.
№3 Округ
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Оразақ ауылы, Әубәкіров көшесі, 2-үй, «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Оразақ ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ ғимараты.
Шекаралары: Оразақ ауылы – № 674 учаскелік сайлау комиссиясы, Бірлік ауылы – № 675 учаскелік сайлау комиссиясы және Ақмол ауылы – № 733 учаскелік сайлау комиссиясы.
Округтік сайлау комиссиясының құрамы: Комиссия төрағасы – Дагманов Мурат Абуғалиұлы; төрағасының орынбасары – Ещанова Мейрамгуль Комбарқызы; хатшысы – Байжуманова Гульнур Темерханқызы; Комиссия мүшелері: Искакова Гүлжан Еркешқызы; Батталова Гүлдарай Канатқызы.
№4 Округ
Орналасқан жері: Нұресіл ауылы, Қ. Мұнайтпасов көшесі 2А, ауылдық Мәдениет үйінің ғимараты.
Шекаралары: Нұресіл ауылы – № 642 учаскелік сайлау комиссиясы, Раздольное ауылы – № 643 учаскелік сайлау комиссиясы, Жаңа Жайнақ ауылы – № 644 учаскелік сайлау комиссиясы, Қажымұқан ауылы – № 686 учаскелік сайлау комиссиясы және Ыбырай Алтынсарин ауылы – № 687 учаскелік сайлау комиссиясы.
Округтік сайлау комиссиясының құрамы: Комиссия төрайымы – Алимжанова Ботагоз Кадыркейқызы; төрайымның орынбасары – Айнакулова Жанар Амангельдиновна; хатшысы – Ильященко Татьяна Васильевна; комиссия мүшелері: Абеева Дина Вахаевна; Садуова Надежда Владимировна.
№ 5 Округ
Орналасқан жері: Рахымжан Қошқарбаева ауылы, Бейбітшілік көшесі 53, «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Рахымжан Қошқарбаев ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ ғимараты.
Шекаралары: Қабанбай батыр ауылы – № 645 учаскелік сайлау комиссиясы, Қызылжар ауылы – № 646 учаскелік сайлау комиссиясы, Рахымжан Қошқарбаев ауылы – № 681 учаскелік сайлау комиссиясы, Сарыкөл ауылы – № 682 учаскелік сайлау комиссиясы және Преображенка ауылы – № 683 учаскелік сайлау комиссиясы.
Округтік сайлау комиссиясының құрамы: Комиссия төрайымы – Копелян Светлана Анатольевна; төрайымның орынбасары – Абильдинова Рабиға Шыңғысқызы; хатшысы – Сатикова Айгүл Тоқсанбайқызы; комиссия мүшелері: Абдуразакова Латифа Мурзотуллаевна, Зейнелова Раузa Файзрахмановна.
№6 Округ
Орналасқан жері Қабанбай батыр ауылы, Бірлік көшесі, 1, ауылдық Мәдениет үйінің ғимараты.
Шекаралары:Қабанбай батыр ауылы – № 736 учаскелік сайлау комиссиясы, Сарыадыр ауылы – № 647 учаскелік сайлау комиссиясы және Нұра ауылы – № 648 учаскелік сайлау комиссиясы.
Округтік сайлау комиссиясының құрамы: Комиссия төрағасы – Жандарбек Гүлзира Нұрланқызы; төрағаның орынбасары – Тлеужан Самал Талғатқызы;
хатшысы – Досмағамбетова Гүлден Сәрсенқызы; комиссия мүшелері: Усова Раиса Ивановна, Хасенова Еркегүл.
№7 Округ
Орналасқан жері: Қараөткел ауылы, Кенесары хан көшесі, 2Д, «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қараөткел ауылының № 2 жалпы білім беретін мектебі» КММ ғимараты.
Шекаралары: Қараөткел ауылы – № 650 учаскелік сайлау комиссиясы және Қаражар ауылы – № 651 учаскелік сайлау комиссиясы.
Округтік сайлау комиссиясының құрамы: Комиссия төрайымы – Калиева Альфия Нұридинқызы; төрайымның орынбасары – Серік Жадыра Серікқызы; хатшысы – Жәдігерова Анар Дулатқызы; комиссия мүшелері: Амангелдинов Нұрсұлтан Асқарұлы, Мәлік Жазира Мәлікқызы.
№8 Округ
Орналасқан жері: Қараөткел ауылы, Қожа Ахмет Йассауи көшесі, 9Б, Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қараөткел ауылының № 1 жалпы білім беретін мектебінің ғимараты.
Шекаралары: Қараөткел ауылы – № 649 учаскелік сайлау комиссиясы және Қараөткел ауылы – № 737 учаскелік сайлау комиссиясы.
Округтік сайлау комиссиясының құрамы: Комиссия төрайымы – Болатова Лаура Ермекқызы; төрайымның орынбасары – Елубаева Роза Әлиевна;
хатшысы – Ақылбекова Ақсұлу Сәдуақасқызы; комиссия мүшелері: Айланхан Жанболат, Хасенова Диана Сембайқызы.
№9 Округ
Орналасқан жері: Қоянды ауылы, Әл-Фараби көшесі 1, Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қоянды ауылының № 1 жалпы білім беретін мектебінің ғимараты.
Шекаралары: Қоянды ауылы – № 653 учаскелік сайлау комиссиясы, Қызылсуат ауылы – № 688 учаскелік сайлау комиссиясы, Шұбар ауылы – № 654 учаскелік сайлау комиссиясы, Аққайың ауылы – № 655 учаскелік сайлау комиссиясы және Нұрлы ауылы – № 801 учаскелік сайлау комиссиясы.
Округтік сайлау комиссиясының құрамы: Комиссия төрайымы – Сабиғат Айымгүл; төрайымның орынбасары – Смағұлова Раушан Майкиевна; хатшысы – Мұса Тамаша; комиссия мүшелері: Жақсыбаева Тұрсын Берікқызы, Шаштина Торғын Базаровна.
№ 10 Округ
Орналасқан жері: Қоянды ауылы, Жібек жолы көшесі, 167, Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қоянды ауылының № 2 жалпы білім беретін мектебінің ғимараты.
Шекаралары: Қоянды ауылы – № 739 және № 801 учаскелік сайлау комиссиялары.
Округтік сайлау комиссиясының құрамы: Комиссия төрайымы – Кусаинова Айнагүл Рахметуллақызы; төрайымның орынбасары – Хулала Манчук; хатшысы – Машимбаева Дильназ Жанатқызы; комиссия мүшелері: Манат Зоя, Хархуу Айнагүл.
№11 Округ
Орналасқан жері: Жалғызқұдық ауылы, Д. Б. Бурбах көшесі, 42, Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Жалғызқұдық ауылының жалпы білім беретін мектебінің ғимараты.
Шекаралары: Жалғызқұдық ауылы – № 660 учаскелік сайлау комиссиясы, Жарлыкөл ауылы – № 661 учаскелік сайлау комиссиясы, Мәншүк Мәметова ауылы – № 670 учаскелік сайлау комиссиясы, Шалқар ауылы – № 689 учаскелік сайлау комиссиясы, Қаратөмер ауылы – № 690 учаскелік сайлау комиссиясы және Отаутүске ауылы – № 691 учаскелік сайлау комиссиясы.
Округтік сайлау комиссиясының құрамы: Комиссия төрайымы – Жанмолдина Алтынгүл Рахметоллақызы; төрайымның орынбасары – Маренова Динара Кеншилікқызы; хатшысы – Жүсіпбек Гүлмира Абылайқызы; комиссия мүшелері: Кошмағанбетова Айнұр Идрисқызы, Калибекова Ләззат Кенжебекқызы.
№12 Округ
Орналасқан жері: Родина ауылы, Школьная көшесі 1, ауылдық Мәдениет үйінің ғимараты.
Шекаралары: Тасты ауылы – № 662 учаскелік сайлау комиссиясы, Ақмешіт ауылы – № 663 учаскелік сайлау комиссиясы, Тастақ ауылы – № 664 учаскелік сайлау комиссиясы, Қараменді батыр ауылы – № 672 учаскелік сайлау комиссиясы, Мортық ауылы – № 673 учаскелік сайлау комиссиясы, Родина ауылы – № 676 учаскелік сайлау комиссиясы, Садовое ауылы – № 677 учаскелік сайлау комиссиясы және Зеленый Гай ауылы – № 678 учаскелік сайлау комиссиясы.
Округтік сайлау комиссиясының құрамы: Комиссия төрағасы – Жилкыбаев Манат Зейнелғабиденұлы; төрағаның орынбасары – Ничепорук Екатерина Васильевна; хатшысы – Василевич Ольга Гендадьевна; комиссия мүшелері: Виноградская Вера Юрьевна, Герман Антонина Анатольевна.
№13 Округ
Орналасқан жері: Арайлы ауылы, Жастар көшесі 5Б, Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Арайлы ауылының жалпы білім беретін мектебінің ғимараты.
Шекаралары: Арайлы ауылы – № 665 учаскелік сайлау комиссиясы, Төңкеріс ауылы – № 666 учаскелік сайлау комиссиясы, Ынтымақ ауылы – № 667 учаскелік сайлау комиссиясы, Қосшеку ауылы – № 668 учаскелік сайлау комиссиясы, Жаңа Жайнақ ауылы – № 669 учаскелік сайлау комиссиясы және Жаңаесіл ауылы – № 671 учаскелік сайлау комиссиясы.
Округтік сайлау комиссиясының құрамы: Комиссия төрайымы – Карбаева Айнаш Қақишевна; төрайымның орынбасары – Әсімжанова Алина Нұрланқызы; хатшысы – Потоцкая Яна Демьяновна; комиссия мүшелері: Саггадатова Дильназ Серікқызы, Журкадамов Жасұлан Балтабаевич.
№14 Округ
Орналасқан жері: Софиевка ауылы, Қабанбай батыр көшесі, 33, ауылдық Мәдениет үйінің ғимараты.
Шекаралары: Софиевка ауылы – № 684 учаскелік сайлау комиссиясы, Ақжар ауылы – № 679 учаскелік сайлау комиссиясы және Опан ауылы – № 680 учаскелік сайлау комиссиясы.
Округтік сайлау комиссиясының құрамы: Комиссия төрайымы – Отеубай Динара Төлеубайқызы; төрайымның орынбасары – Калиева Шынар Мекенбайқызы; хатшысы – Тоқманғалиева Алмагүл Серікқалиқызы; комиссия мүшелері: Назиева Алма Қайырбекқызы, Умержанова Зулкия Нұрэттенқызы.
№15 Округ
Орналасқан жері: Талапкер ауылы, Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Талапкер ауылының мектеп-гимназиясы КММ ғимараты, 068-орам, 5058-ғимарат.
Шекаралары: Талапкер ауылы – № 685 және № 768 учаскелік сайлау комиссиялары, Ақжар ауылы – № 679 учаскелік сайлау комиссиясы және Опан ауылы – № 680 учаскелік сайлау комиссиясы.
Округтік сайлау комиссиясының құрамы: Комиссия төрайымы – Бекишева Әсем Есенжолқызы; төрайымның орынбасары – Абеева Сәгімбала Хасенқызы; хатшысы – Жанпейісова Ақжарқын Жалбырбайқызы; комиссия мүшелері: Амренова Эльмира Талғатқызы, Сағындықова Құлжаухар.
Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Целиноград ауданының әкімі
*"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 11-3-тармағына сәйкес, егер бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтердің шекаралары әкімшілік аумақтық бірліктердің шекараларымен сәйкес келсе, округтік сайлау комиссияларының өкілеттіктерін тиісті аумақтық сайлау комиссиясы жүзеге асырады