Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандатты аумақтық сайлау округтерін құру туралы 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 39 Ақмола облысы Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақмола облысының Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысының Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Целиноград аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша бір мандатты аумақтық сайлау округтерін құру туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 39 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша мынадай өзгерістер көзделе отырып, жаңа редакцияда жазылсын:
№ 1 бірмандатты аумақтық сайлау округінің құрамына № 797 және № 800 сайлау учаскелері енгізілсін;
№ 2 бірмандатты аумақтық сайлау округінің құрамына № 652 сайлау учаскесі енгізіліп, ол № 7 бірмандатты аумақтық сайлау округінің құрамынан шығарылсын;
№ 9 бірмандатты аумақтық сайлау округінің құрамына № 654, № 655 және № 801 сайлау учаскелері енгізілсін, бұл ретте № 654 және № 655 сайлау учаскелері № 10 бірмандатты аумақтық сайлау округінің құрамынан шығарылсын;
№ 10 бірмандатты аумақтық сайлау округінің құрамына № 802 сайлау учаскесі енгізілсін;
№ 13 бірмандатты аумақтық сайлау округінің құрамына № 667 сайлау учаскесі енгізіліп, ол № 14 бірмандатты аумақтық сайлау округінің құрамынан шығарылсын;
№ 15 бірмандатты аумақтық сайлау округінің құрамына № 768 сайлау учаскесі енгізілсін.
2. Осы қаулы Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында, сондай-ақ «Вестник Акмола» және «Есіл Нұра» газеттерінде орналастырылсын.
Сайлау комиссиясының
төрайымы А. Айткужина
Сайлау комиссиясының
хатшысы А. Рақымбек