Целиноград ауданының Жастар ресурстық орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

2026 жылғы 10 қыркүйекте «Целиноград ауданының Жастар ресурстық орталығы» КММ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған семинар-кеңес өткізілді.

Іс-шара барысында «Целиноград ауданының Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Махабат Сансизбаевна Ирешова қызметкерлерге Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы талаптарын сақтау, қаржылық және өндірістік тәртіп мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында қызметкерлерге Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасының негізгі талаптары түсіндірілді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен әдеп нормаларын қатаң сақтау, қызметтік міндеттерді орындау кезінде сыбайлас жемқорлық көріністері мен өзге де құқық бұзушылықтарға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Семинар-кеңес қорытындысы бойынша қызметкерлерге Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтау, сондай-ақ лауазымдық міндеттерін орындау барысында ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету ұсынылды.

Целиноград ауданының Жастар ресурстық орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды
Дата публикации
25 сентября 2026