Целиноград ауданында аудандық Мәдениет үйінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

2026 жылғы 24 қыркүйекте сағат 10:30-да «Целиноград ауданының аудандық мәдениет үйі» МКҚК-да кәсіпорын қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын түсіндіру және қаржылық-өндірістік тәртіпті сақтау мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.

 

Іс-шара барысында «Целиноград ауданының аудандық мәдениет үйі» МКҚК директоры Торекожин Нұрболат Мұратұлы сөз сөйлеп, ұжым мүшелеріне Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасының негізгі талаптарын түсіндірді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді, әдеп нормаларын қатаң сақтау және қызметтік міндеттерді орындау барысында құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі атап өтілді.

 

Семинар-кеңес қорытындысы бойынша ұсынылды:«Целиноград ауданының аудандық мәдениет үйі» МКҚК қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын және қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтау, сондай-ақ лауазымдық міндеттерін орындау барысында ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету ұсынылды.

Целиноград ауданында аудандық мәдениет үйінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды
Дата публикации
25 сентября 2026