Целиноград ауданында кезектілікті бекіту тәртібіне өзгерістер енгізілді

2026 жылғы 15 қыркүйекте Целиноград ауданының әкімі «Целиноград ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 9 маусымдағы № А-3/185 «Кезектілікті бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № А-9/295 қаулы қабылдады.

Енгізілген өзгерістер ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету тәртібіне қатысты.

Қаулыға сәйкес, бұған дейін бекітілген қаулының 1 және 2-қосымшалары жаңа редакцияда жазылды. Аталған әлеуметтік қолдау шаралары ауылдық елді мекендерде еңбек қызметін жүзеге асыратын және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандарына қатысты.

Қабылданған қаулы қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген кезектілікті өзектендіруге бағытталған.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Ж. Т. Толқынбекке жүктелген.

Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
24 сентября 2026