АНЫҚТАМА
Целиноград ауданының ішкі саясат бөліміне қарасты «Целиноград ауданының Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша
2026 жылғы 23 шілде Ақмол ауылы
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, сондай-ақ Целиноград ауданының ішкі саясат бөліміне қарасты «Целиноград ауданының Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының бұйрығы негізінде 2025 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңге сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Ішкі талдау жүргізудің мақсаты – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, сондай-ақ оларды жою бойынша шараларды әзірлеу.
Талдау барысында мекеме қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер, ішкі ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттар, кадрлық құжаттама, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет, лауазымдық міндеттердің бөлінуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы талаптарының сақталуы зерделенді.
Талдау нәтижелері бойынша төмендегілер анықталды:
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты ұйымдастыруда бұзушылық анықталды.
Тиісті кезеңге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарының болмағаны анықталды. Жүйелі профилактикалық жұмыстың болмауы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары туралы хабардар болу деңгейінің жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін.
Ұсыным: жыл сайынғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекіту, жауапты тұлғаларды айқындау және оның орындалуына бақылауды қамтамасыз ету.
2. Ішкі бақылауды ұйымдастыруда бұзушылық анықталды.
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мониторинг жүргізу нәтижелері толық көлемде ресімделмейтіні, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою жөніндегі іс-шараларды құжаттандырудың бірыңғай тәртібі жоқ екені анықталды. Бұл жағдай ішкі бақылау жүйесінің тиімділігіне әсер етуі мүмкін.
Ұсыным: сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі мониторингті тұрақты түрде жүргізуді қамтамасыз ету, анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті анықтамаларды, хаттамаларды және іс-шаралар жоспарларын ресімдеу.
3. Мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелі.
Мемлекеттік сатып алу веб-порталына хабарландыру орналастыру кезінде шарт талаптарына белгілі бір артықшылық берілетін ұйыммен шарт жасасуға әкелуі мүмкін талаптар немесе шектеулер енгізу түрінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі туындауы мүмкін.
Ұсыным: жеткізушілермен мемлекеттік сатып алуды өткізу барысын бақылау жөніндегі комиссия құру қажет. Шарт жасасу туралы шешімді комиссия қабылдауы тиіс.
Жалпы, жүргізілген талдау «Целиноград ауданының Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес жүзеге асырылатынын көрсетті. Анықталған бұзушылықтар жүйелі сипатқа ие емес, алайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың тиімділігін арттыру және ішкі бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында оларды жою қажет.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде жұмыс тобы төмендегілерді ұсынады:
1. Барлық мүмкін болатын жағдайларда сатып алуды мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жүргізу.
2. Жыл сайынғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарын бекіту және оның уақтылы орындалуын қамтамасыз ету.
3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тұрақты түрде мониторинг жүргізу және оның нәтижелерін құжаттамалық ресімдеу арқылы ішкі бақылауды күшейту, сондай-ақ анықталған кемшіліктерді уақтылы жою.
Осы анықтама сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша тиісті ұйымдастырушылық шараларды қабылдау және ұсынымдарды орындау мақсатында жасалды.
Директор: Ирешова М.
Бухгалтер: Туякова Г.
Маман: Кабдул Н.
Маман: Насырова А.