АНЫҚТАМА Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» МКҚК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

АНЫҚТАМА

Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» МКҚК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

 

2026 жылғы 3 тамыз                                                                          Ақмол ауылы

 

Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі – Кәсіпорын) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, директордың 2026 жылғы 30 маусымдағы №39-н/қ бұйрығы негізінде мынадай бағыттар бойынша жүргізілді:

1. Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімшенің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар анықталады.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет

Целиноград ауданы әкімдігінің 2000 жылғы 14 наурыздағы №54 қаулысына сәйкес Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанынан «Аудандық мәдениет үйі» МКҚК құрылып, 2000 жылдан бастап қаржылық қызметін жүзеге асыра бастаған.

Кәсіпорынның негізгі қызметі - Целиноград ауданының аумағында мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру.

Целиноград ауданы бойынша 21 ауылдық мәдениет үйі бар:

  1. «Аудандық мәдениет үйі» - Ақмол ауылы;
  2. «Ауылдық мәдениет үйі» - Нұресіл ауылы;
  3. «Ауылдық мәдениет үйі» - Талапкер ауылы;
  4. «Ауылдық мәдениет үйі» - Қараменді батыр ауылы;
  5. «Ауылдық мәдениет үйі» - Мортық ауылы;
  6. «Ауылдық мәдениет үйі» - Жанаесіл ауылы;
  7. «Ауылдық мәдениет үйі» - Тасты ауылы;
  8. «Ауылдық мәдениет үйі» - Родина ауылы;
  9. «Ауылдық мәдениет үйі» - Садовое ауылы;
  10. «Ауылдық мәдениет үйі» - Зеленый Гай ауылы;
  11. «Ауылдық мәдениет үйі» - Қоянды ауылы;
  12. «Ауылдық мәдениет үйі» - Софиевка ауылы;
  13. «Ауылдық мәдениет үйі» - Опан ауылы;
  14. «Ауылдық мәдениет үйі» - Қабанбай батыр ауылы;
  15. «Ауылдық мәдениет үйі» - Жалғызқұдық ауылы;
  16. «Ауылдық мәдениет үйі» - Мәншүк ауылы;
  17. «Ауылдық мәдениет үйі» - Шалқар ауылы;
  18. «Ауылдық клуб» - Жаңа Жайнақ ауылы;
  19. «Ауылдық клуб» - Ақмешіт ауылы;
  20. «Ауылдық клуб» - Жаңажол ауылы;
  21. «Ауылдық клуб» - Қаражар ауылы.

Персоналды басқару

Кәсіпорынның штаттық саны 245 адамды құрайды, нақты жұмыс істейтін қызметкерлер саны - 201 адам (маусымдық қызметкерлерді қабылдау қыркүйек айынан бастап жүзеге асырылады).

Әкімшілік бөлім - 12 адам.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында жұмыс тобы Кәсіпорын басшысына тікелей бағынысты бос лауазымдарға жақын туыстарын қабылдау кезінде аффилиирлену фактілерін анықтаған жоқ.

Кәсіпорын қызметкерлерін лауазымын төмендету фактілері болған жоқ, сондай-ақ мүдделер қақтығысының болуы және белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды бұзу фактілері анықталған жоқ.

Қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың лауазымдық құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қайталау фактілері жоқ.

Мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелі

1. Мемлекеттік сатып алу веб-порталына хабарландыру орналастыру кезінде мынадай сыбайлас жемқорлық тәуекелі туындауы мүмкін: шарт талаптарына белгілі бір артықшылық берілетін ұйыммен шарт жасасуға әкелуі мүмкін талаптар немесе шектеулер енгізу.

Ұсыным:
Жеткізушілермен мемлекеттік сатып алуды өткізу барысын бақылау жөніндегі комиссия құру қажет. Шарт жасасу туралы шешімді комиссия қабылдауы тиіс.

2. Шалқар ауылындағы ауылдық клуб меңгерушісіне тікелей бағынысты жақын туысының бос лауазымға орналасуына байланысты аффилиирлену фактісі анықталды (Шалқар ауылдық клубы меңгерушісінің күйеуі сол клубта күзетші болып жұмыс істеген).

Комиссия тарапынан бұзушылық анықталғаннан кейін ауылдық клуб меңгерушісі өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш жазды.

Кәсіпорынға жүктелген функцияларды жүзеге асыру барысында келесі ақпараттық жүйелер пайдаланылады:

  • EOTINISH.KZ - жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органға келіп түскен өтініштерін қарау;
  • enbek.kz - еңбек қатынастары (жұмысқа қабылдау, бөлім қызметкерлерінің еңбек шарттарын жүргізу);
  • goszakup.gov.kz - Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталы;
  • gosreestr.kz - даму жоспарының орындалуы жөніндегі есептер.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

«Еститін мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында мемлекеттік органдарға келіп түскен барлық өтініштердің бірыңғай базасы болып табылатын «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Аталған жүйе өтініштерді беру рәсімін барынша жеңілдетуге және сұрау салулар санын оңтайландыру есебінен өтініштерді қарау мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді.

Жыл қорытындысы бойынша Кәсіпорын көрсететін қызметтерге қатысты шағымдар келіп түскен жоқ.

Рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік сатып алулар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталы (www.goszakup.gov.kz) арқылы электрондық форматта жүргізіледі.

Кәсіпорынның сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Жыл сайын қаржы жылы аяқталғаннан кейін Кәсіпорынның қаржылық қызметіне аудит жүргізіледі. Еңбекақы бойынша барлық есеп айырысулар Кәсіпорынның ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу мемлекеттік сатып алу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

Кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі осы анықтаманың 1-қосымшасында көрсетілген.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде жұмыс тобы төмендегілерді ұсынады:

1. Барлық мүмкін болатын жағдайларда сатып алуды мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жүргізу.

2. Жеткізушілермен мемлекеттік сатып алуды өткізу барысын бақылау жөніндегі комиссия құру.

3. Ауылдық клуб меңгерушілеріне тікелей бағынысты лауазымдарға жақын туыстарын жұмысқа қабылдау кезінде аффилиирлену фактілерін анықтау мақсатында кадр қызметі тарапынан талдау жүргізу.

Директор:                                                                            Торекожин Н.М.

Бас бухгалтердің м.а.:                                                     Кожаева И.Н.

Бухгалтер:                                                                            Кенжебаева Л.С.

Бухгалтер:                                                                            Таскынбаев Р.Д.

 

АНЫҚТАМА Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» МКҚК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Дата публикации
31 августа 2026