Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
10-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей азаматтардың келесі санаттарына жылына
1 рет көрсетіледі:
бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына жылына 1 рет 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
10-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын.».
11-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«11. Әлеуметтік көмек толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына өтініш бойынша көрсетіледі:
1) кірістерді есепке алмағанда:
өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі үш айдан кешіктірмей бір рет 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін.».
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |