Целиноград ауданы Қоянды ауылының әкіміне кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы ақпарат

2026 жылғы 23 тамызда сағат 18.00-де Ақмола облысы Целиноград ауданы Қоянды ауылының  әкім болуға кандидаттарды тіркеу аяқталды.

 

Ұсынылған 5 кандидаттан 4 кандидат тіркелді. Олар:

- Әнәпияев Ерболат Битұрсынұлы, 1995 жылы туған, «Целиноград ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысының орынбасары, Астана қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

- Карабекова Айнаш Какишевна, 1986 жылы туған, «Целиноград ауданы Арайлы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Целиноград ауданы Арайлы ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

- Нурхан Қуандық, 1976 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Аршалы ауданы Аршалы кентінде тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

- Хавджалел Хасамхан, 1983 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Целиноград ауданы Қоянды ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

Целиноград ауданы Қоянды ауылының әкіміне кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы ақпарат
Дата публикации
23 августа 2026