«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабының 5-тармағына, Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 05 тамыздағы № 56/79 «Целиноград ауданы Қоянды ауылы әкімінің занда белгіленгенөкілеттік мерзімінің аякталуына байланысты сайлауды тағайындау туралы» қаулысына, Целиноград ауданының учаскелік сайлау комиссияларының құрамы мен орналасқан жері туралы хабарлаймыз.
№ 653 сайлау комиссиясының учаскесі
Орналасқан жері: Қоянды ауылы, Әл-Фараби көшесі 1, «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қоянды ауылының № 1 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: төрағасы - Дәлелхан Амантай; төрағасының орынбасары – Мукушева Самал Нұрғалиқызы; хатшысы – Еркибаева Галина Анатольевна; комиссия мүшелері: Салтанат Алия, Смағұл Айбол, Тырнахан Нұргүл Тырнаханқызы, Узбекова Анар Абайқызы.
№ 739 сайлау комиссиясының учаскесі
Орналасқан жері: Қоянды ауылы, Жібек жолы 167, «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қоянды ауылының № 2 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: төрайымы - Арилина Әсел Бекболатқызы; төрайымның орынбасары - Дүйсенбаев Көшербай Рақымұлы; хатшысы – Айтенова Динара Балабекқызы; комиссия мүшелері: Бухаева Нұргүл Базарбекқызы, Дюсупбекова Салтанат Қайроллақызы, Машинбаева Индира Ниязовна, Мухтасырова Гульфира Эдиловна.
№ 802 сайлау комиссиясының учаскесі
Орналасқан жері: Қоянды ауылы, Мәңгілік ел көшесі 71/60, «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қоянды ауылының мектеп лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: төрайымы - Бердимурат Айнур; төрайымның орынбасары – Нурлан Булган; хатшысы – Жахмаш Өнер; комиссия мүшелері: Болат Пестифаль, Бухарбаева Айсулу Омирбекқызы, Мухамеджанова Маржан Кудабайқызы, Смагул Арнагүл.
Учаскелік сайлау комиссиясының жұмыс кестесі: 22 тамыздан бастап күн сайын демалыссыз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.