Жоба ШЕШІМ «Целиноград ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қарашадағы № 80/12-8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Целиноград аудандық мәслихатының «Целиноград ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 27 қарашадағы № 80/12-8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8659-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

10-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

«10. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей азаматтардың келесі санаттарына жылына

1 рет көрсетіледі:

  • 9 мамыр – Жеңіс күніне:

бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына жылына 1 рет 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

10-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын.».

11-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

«11. Әлеуметтік көмек толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына өтініш бойынша көрсетіледі:

1) кірістерді есепке алмағанда:

өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі үш айдан кешіктірмей бір рет 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Жоба ШЕШІМ «Целиноград ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қарашадағы № 80/12-8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
14 августа 2026