«Целиноград ауданы әкімінің аппараты» ММ-де жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар ТІЗБЕСІ

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға

4-қосымша

 

 

«Целиноград ауданы әкімінің аппараты» ММ-де жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар ТІЗБЕСІ

 

 

р/с

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыраған лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

1.      

Целиноград ауданы әкімі аппаратының Бірыңғай персоналды басқару қызметінің басшысы.

Кадр жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру жөніндегі өкілеттіктерінің болуы, қызметкерлерді іріктеу, қабылдау, ауыстыру, тағайындау, бағалау, аттестаттау, қызметтік ілгерілету, көтермелеу және жұмыстан босату мәселелері бойынша шешімдерді қабылдауға және дайындауға қатысуы.

Жекелеген кандидаттарға жұмысқа қабылдау немесе қызмет бабында жоғарылату кезінде негізсіз артықшылықтар беру;

 

Кадрлық шешімдерді қабылдау кезінде мүдделер қақтығысының туындауы;

 

Қызметкерлердің қызмет нәтижелерін объективті бағаламау;

 

Конкурстық және аттестаттау комиссияларының шешімдеріне заңсыз ықпал ету;

 

Қызметтік өкілеттіктерді жеке мүддесі үшін немесе үшінші тұлғалардың мүддесі үшін пайдалану;

 

Персоналдық деректерді және қолжетімділігі шектеулі өзге де ақпаратты заңсыз пайдалану.

 

2.      

Целиноград ауданы әкімі аппаратының қаржылық есеп бөлімінің басшысы

Қаржылық есеп бөлімінің қызметіне басшылықты жүзеге асыру, бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды ұйымдастыру, бюджет қаражатының мақсатты әрі тиімді пайдаланылуын бақылау, бюджетті жоспарлау және атқару процесіне қатысу, қаржылық операцияларды санкциялау.

Қаржылық операциялар мен төлемдерді жүзеге асыру кезінде шешімдер қабылдау;

 

Бюджет қаражатын негізсіз немесе заңсыз пайдалану тәуекелі;

 

Қаржылық құжаттарды келісу және оларға қол қою;

 

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік деректерін жасыру немесе бұрмалау;

 

Жеткізушілермен, мердігерлермен және бюджет қаражатын алушылармен өзара іс-қимыл жасау кезінде мүдделер қақтығысының туындауы;

 

Қаржылық бақылауды жүзеге асыру кезінде қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану.

 

3.      

Целиноград ауданы әкімі аппаратының цифрландыру және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бөлімінің басшысы

Цифрландыру процестерін ұйымдастыру және үйлестіру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау, мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнаманың сақталуына мониторинг жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігіне талдау жүргізу.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері бойынша шешімдер қабылдау және қорытындылар дайындау;

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестеріне негізсіз араласу мүмкіндігі;

 

Өтініштерді қарау кезінде жекелеген өтініш берушілерге артықшылықтар жасау;

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде анықталған бұзушылықтарды жасыру немесе оларды уақтылы анықтамау;

 

Қызметтік ақпаратты және әкімшілік өкілеттіктерді жеке мүддесі үшін немесе үшінші тұлғалардың мүддесі үшін пайдалану.

 

4.      

Целиноград ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

Аудан әкімі аппараты қызметінің құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру және бақылау, қызметтік хат-хабарларды тіркеу, есепке алу, бөлу және сақтау, құжаттар мен тапсырмалардың орындалуын бақылау, қызметтік ақпаратты қамтитын құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

Құжаттарды тіркеу, қарау және орындау мерзімдерін негізсіз өзгерту;

 

Қызметтік құжаттарды жасыру, уақтылы тіркемеу немесе жоғалту;

 

Қызметтік ақпаратқа және таратылуы шектелген құжаттарға заңсыз қолжетімділік беру;

 

Құжаттарды жекелеген лауазымды тұлғаларға немесе құрылымдық бөлімшелерге таңдап жіберу;

 

Тапсырмалардың орындалуын бақылау кезінде өкілеттіктерді теріс пайдалану;

 

Құжаттамалық қамтамасыз ету функцияларын орындау кезінде мүдделер қақтығысының туындауы.

 

 

 

Целиноград ауданы әкімі аппаратының

әдеп жөніндегі уәкілі                                                                         Э. Адилова

«Целиноград ауданы әкімінің аппараты» ММ-де жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар ТІЗБЕСІ
Дата публикации
05 августа 2026