«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Құқықтық актілер туралы» Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Целиноград ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 9 маусымдағы № А-3/185 «Кезекті бекіту туралы» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының 1, 2 қосымшалары осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Ж.Т. Толқынбекке жүктелсін.
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Д. Сабырғали