2026 жылғы 24 мамырда сағат 18.00-де Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараоткел ауылдық округі әкім болуға кандидаттарды тіркеу аяқталды.
Ұсынылған 7 кандидаттан 3 кандидат тіркелді. Олар:
- Абдикаликова Асем Жумашевна, 1977 жылы туған, «Целиноград ауданы Жарлыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманының м.а., Целиноград ауданы Жалғызқұдық ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Аубакирова Разила Каримовна, 1970 жылы туған, «Целиноград ауданы Қызылсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Целиноград ауданы Қызылсуат ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Жеңіс Даурен Қайратұлы, 1991 жылы туған, «Целиноград ауданының спорт және дене шынықтыру бөлімі» ММ басшысы, Астана қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы